
СТУДЕНТТЕРГЕ
Емтихан кестесі
Жол сілтеуіш
ҰБТ және Кт
Сабақ кестесі
Студенттер жетістігі
АБИТУРИЕНТТЕРГЕ
Мамандықтар тізімі
Виртуалды қабылдау комиссиясы
Бакалавриат
Мамандықтар туралы толық мәлімет
Қабылдау ережесі
Қабылдау комиссиясы
ХАБАРЛАНДЫРУ
Колледж тарихы
Колледж жөнінде жалпы ақпарат
Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжі Қазақстан Республикасы Министрлер Кеңесінің қаулысымен 15.06.1961 жылы Жаңақорған аудандық №187 ауылшаруашылығын механикаландыру училишесі болып құрылып ауылшаруашылығы мамандарын даярлайтын «тракторист-машинист» мамандығы бойынша оқыды. Алғашқы ашылған жылдары училишеге қазіргі ТМД елдерінен келіп білім алды. Колледж атауында бүгінгі таңға дейін төмендегідей өзгерістер орын алды:
10.03.1966 жылы № 187 селолық кәсіптік техникалық училище ;
11.01. 1985 жылы № 17 Селолық кәсіптік училищесі;
1.01.1996жылы № 13 Кәсіптік мектеп мемлекеттік мекемесі;
26.12.2008 жылы №13 Кәсіптік лицей мемлекеттік мекемесі (облыс әкімінің 26.12.2008 жылғы №238 шешімі);
07.08.2012 жылы «Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжі» мемлекеттік мекемесі (07.08.2012 жылғы№ 527 қаулы Қызылорда облысының әкімдігі);
30.12.2013 жылы Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжі»коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Колледж құрылғалы бері басқарған диекторлар
1961- 1962 жылдары-Зареров Шарап
1962- 1968 жылдары-Нысанбаев Тұрсынхан
1968- 1972 жылдары-Жаппаров Мұсахан
1972- 1977 жылдары-Оспанов Абдімәлік
1977- 1985 жылдары-Ибрагимов Мақсұт
1986-1990 жылдары- Ибрагимов Мақсұт
1990- 1994 жылдары- Балабиев Абибулла
1994- 1999 жылдары-Ахатаев Жаңаберген
1999- 2001 жылдары-Ильясов Қалмырза
2001 жылы-Мырзабаев Маметәлі
2001- 2005 жылдары- Тастаев Нұрберген
2005-2019 жылдары- Ахметов Мадияр
2019-2023 жылдары-Шауенов Жомарт Абибуллаұлы
2023 жылдаң қаңтарынан колледж директорының міндетін атқарушы Шарап Талғат басқарып келеді
2005 жылға дейін білім алушылар 6 мамандық бойынша білім алса, қазіргі таңда олардың саны 19 ке толықты . Оқу кабинеттері мен зертхана, шеберханалар саны артып 3зертхана, 7 шеберханамен, айта кететін болсақ; «Токарьлық ісі және металл өңдеу» мамандығы бойынша «Станок жұмыстары» шеберханасы , «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығы бойынша , «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету » шеберханасы , «Тігін» шеберханасы, «Пісіру жұмыстары» шеберханасы, «Тамақ дайындау» шеберханасы , «Техникалық қызмет көрсету» шеберханасы, «Ветеринария» мамандығы бойынша арнайы пән кабинеті мен зертханасы, «Электротехника» зертханасы, «Тау-кен механикасының» зертханасы, «Электронды ақпараттандыру» зертханасы, экономика негіздері кабинеті, Өзін –өзі тану кабинеті, 2-компьютер кабинеті, 27-оқу кабинеті, оның 14-оқу кабинетіинтерактивті тақтамен жабдықталған, 2014 жылы колледждің әкімшілік ғимараты іске қосылып пайдаланылуға берілді..2020-2021 оқу жылында колледж толықтай күрделі жөндеуден өтіп жылу қазандығы қатты отыннан(көмір) сұйық отынға(табиғи газ) ауысты. Колледж 200 орындық АКТ залы, 160 орындық асхана, 100 орындық жатақханамен қамтылған.
Атап айтар болсақ Ерлер арасындағы КжТББ ұйымы қызметкерлері арасындағы дәстүрлі кубогы үшін облыстың 6 дүркін чемпионы, қыздар арасындағы 8-наурыз «Халақаралық әйелдер күні » мерекесіне орай ұйымдастырылытын облыстың дәстүрлі кубогының 3 дүркін чемпионы, колледж білім алушылары қазақ күресі бойынша
«Жас Барыс» турнилерінде облыстық және Республикалық жарыстардың жүлдегерлері болып жүр.
Колледж ҚР Білім және ғылым министірлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Қызылорда облысының Білім саласындағы бақылау комитетінің 2013 жылғы 24 маусымдағы № 286/Н бұрығымен төмендегі мамандықтар бойынша мемлекеттік қайта аттестаттаудан өтті.
Қазірғі уақытта 19 мамандық 24 біліктілік бар.
1. Мамандығы: 07161300 Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану
Біліктілігі: 3W07161301 Автомобиль жөндеу слесарі
Біліктілігі: 3W07161302 Автомобиль электр жабдықтарын жөндеу жөніндегі электрик
2. Мамандығы: 07161700 Ауыл шаруашылығы техникасын пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу
Біліктілігі: 3W07161701 Механикаландырылған фермалар мен мал өсіру кешенінің операторы
3. Мамандығы: 07161600 Ауыл шаруашылығын механикаландыру
Біліктілігі: 3W07161602 Ауыл шаруашылығы техникасын жөндеу шебері
Біліктілігі: 3W07161603 Ауыл шаруашылығы өндірісінің тракторист-машинисі
4. Мамандығы: 06130100 Бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)
Біліктілігі: 4S06130103 Бағдарламалық қамтамасыздандыруды құрастырушысы
5. Мамандығы: 07320100 Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану
Біліктілігі:3W07320102 Ағаш ұстасы және паркет жұмыстарының шебері
Біліктілігі:3W07320104 Кең бейінді құрылыс жұмыстарының шебері
Біліктілігі:3W07320105 Құрылыс-әрлеу жұмыстарының шебері
6. Мамандығы: 07150500 Дәнекерлеу ісі (түрлері бойынша)
Біліктілігі: 3W07150501 Электргазымен дәнекерлеуші
7. Мамандығы: 04110100 Есеп және аудит
Біліктілігі:3W04110101 Бухгалтер-кассир
8. Мамандығы: 06120100 Есептеу техникасы және ақпараттық желілер (түрлері бойынша)
Біліктілігі: 3W06120101 Компьютерлік аппараттық қамтамасыз ету операторы
9. Мамандығы: 08110300 Жеміс-көкөніс шаруашылығы
Біліктілігі: 3W08110304 Жеміс өсіруші
10 Мамандығы: 04140100 Маркетинг (салалар бойынша)
Біліктілігі: 3W04140101 Сатушы
11. Мамандығы: 10130300 Тамақтандыруды ұйымдастыру
Біліктілігі:3W10130302 Аспазшы
12. Мамандығы: 10130200 Тамақтану саласында қызмет көрсетуді ұйымдастыру
Біліктілігі:3W10130201 Даяшы
13.Мамандығы: 07230100 Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу
Біліктілігі: 3W07230102 Арнайы тігінші 3W07230105 Модельер-пішуші
14. Мамандығы: 07130100 Электр жабдықтары (түрлері және салалары бойынша)
Біліктілігі:3W07130101 Электромонтер (түрлері және салалары бойынша)
15. Мамандығы: 07150300 Токарлық іс (түрлері бойынша)
Біліктілігі:3W07150301 Токарь
16. Мамандығы: 07240100 Пайдалы қазбалардың кен орындарын жер астында өңдеу
Біліктілігі:3W07240101 Жер асты тау-кен жұмысшысы
17. Мамандығы: Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінің инженерлік жүйелерін монтаждау және пайдалану
Біліктілігі:3W07321101 Слесарь-сантехник
18. Мамандығы: 08410100 Ветеринария
Біліктілігі:3W08410103Ветеринарлық санитар
19.Мамандығы: 03220200 Басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету және мұрағаттану
Біліктілігі:Біліктілігі: 3W03220201 Офис-менеджер
Қызметкерлердің жалпы саны — 164, оның ішінде педагог кадрлар саны – 97.
Жоғары санатты – 10.
Бірінші санатты – 13.
Екінші санатты-17
Педагог-зерттеуші-2.
Педагог-сарапшы- 8
Педагог-модератор- 8
Педагогтар құрамында:
ҚР «Ы.Алтынсарин» төсбелгісінің иегерлері — 3;
«ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері» — 3;
Қызылорда облысы әкімінің сыйақы иегерлері –2
«Білім беру ісінің үздігі» төсбелгісінің иегерлері – 5;
Магистр оқытушылар – 10.
Қазіргі таңда колледжде 500 –ге жуық студент білім алуда, барлығы 100% мемлекеттік тілде оқиды. 2009 жылмен салыстырғанда мемлекеттік тапсырыс 2010 жылға 107 адамға артып соңғы үш жылда білім алушылардың саны 12,7% пайызға жеткен.
Колледж құрылғалы бері барлығы 18 000-ғе жуық жұмысшы мамандар дайындалды. Бітіріп шыққан түлектердің 2-і ғылым докторы, 1-і ғылым кандидаты, 5-і ішкі істер органдары қызметінің полковнигі, 6-ы ауыл әкімі, 10-ы мектеп директорлығы қызметтерінде.
Жас маман
Тұңғыш Президент Елбасы Н.Назарбаевтың «Жастар жылы» салтанатты шарасында берген тапсырмасына сәйкес «Жас Маман» жобасы жүзеге асқан болатын. Бағыты айқын бағдарламаның басты мақсаты – заман талабына сай білікті маман даярлау. Жоба аясында Қазақстандағы 795 оқу орны ішінен «Жас Маман» жобасына 180 кәсіптік білім мекемесі таңдалды. Қызылорда облысына қарасты 30 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымының ішінен 9 –таңдалды. Соның бірі – Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжі. Бұл – колледж тарихындағы екінші бір серпіліс, айтулы бір жетістік.
Жобаның мақсаты worldskills стандарттарының халықаралық тәжірибесін енгізе отырып техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы сұранысқа ие 100 мамандықты анықтау және қайта жаңғырту болып табылады. Жобаны іске асыру қорытындылары бойынша оқу ұйымдары республикалық және халықаралық деңгейлерде талап етілетін мамандарды даярлау үшін қажетті қазіргі заманғы жабдықтармен жарақтандырылатын болды. Ел басы тапсырмасымен іске асқан жоба аясында «дәнекерлеу ісі» мен «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету , жөндеу және пайдалану» мамандығы бойынша колледжімізге республикалық бюджеттен 320 млн бөлінді. Бұл қаржыға кәсіптік білім мекемелері халықаралық стандарттарға сай соңғы үлгідегі құралдар сатып алынды. Жас маман жобасы колледждің оқу өндірістік базасын жаңартып қана қоймай құзіреттілік орталығын құруға мүмкіндік бермек. Бөлшектеу құрастыру құрылғыларынан бөлек Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжі базасына білім алушыларға жүргізіп үйренуге арналған су жаңа техникалармен толықты. Жас маман мемлекеттік бағдарламасы аясында білім ордасында еуропалық стандарттарға сай соңғы үлгідегі дәнекерлеу құралдары жеткізілді. Қазіргі мемлекет қолдауына ие болған білім ұясы дуалды және модульді оқыту ж жүйесіне көшті. Ендігі міндет сапалы білім арқылы саналы ұрпақ тәрбиелеу.
Колледж миссиясы
Еңбек нарығының жаңа өзгерістері жағдайындағы жаһандық үдерістердің үдемелі дамуына сәйкес, өзгелермен ашық бәсекелестікке түсе алатын дағдыларға ие, құзыретті мамандар даярлау.
Колледждің миссиясы аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына қажетті және нарық жағдайында теориялық және тәжірибелік дағдыларды меңгерген, жоғары жеке қасиеттерге ие, өз білімі мен біліктілігін дамыта алатын мамандардың сұранысқа ие болуына байланысты орны мен ролін білдіреді.
Мақсаты:
Бәсекеге қабілетті еңбек нарығына сай жаңа құзыреттіліктерге деген сұранысының өсуіне сәйкес және қазіргі заманғы өндірістік технологияларды енгізуге байланысты білім беру мен кәсіби маман дайындаудың сапалық деңгейіне қол жеткізу

