НҰРБЕРГЕН ТАСТАЕВ АТЫНДАҒЫ ДӘСТҮРЛІ ВОЛЕЙБОЛ ЖАРЫСЫ ЖАҢАҚОРҒАН ЖЕРІНДЕ ӨТТІ.
💎 Облыстық білім басқармасының бастамасымен техникалық және кәсіптік білім беру саласының ардагерлерін еске алу және есімдерін ұлықтау мақсатында Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжінде Нұрберген Тастаевты еске алу турнирі өтті.
💎Облыстық сайыстың ашылу салтанатында Жаңақорған аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Есенбаев Бекжан Шахизатұлы арнайы сөз сөйлеп, жиылған жұртты дәстүрлі турнирдің ашылу салтанатымен құттықтады:
— Нұрберген Тастаев — туған жердің талантты тұлғасының бірі. Әнші, ақын, сазгер, мәдениет саласының майталманы ауданның білім саласына, қоғамдық-мәдени дамуына сүбелі үлесін қосты. Соның ішінде бұрынғы (СПТУ) Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжінің дамуы мен қалыптасуында табанды еңбегі қалған даңқты тұлға. Өткеннің өнегесін өшірмеу — біздің бабалар алдындағы абыройлы міндетіміз. Сондықтан, дәстүрлі турнир жалғасын таба бермек. Қатысушыларға сәттілік серік болсын, — деді. Келесі кезекте аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Әбілғазы Төлегенов және мәслихат хатшысы Сопыбеков Ғалымжан, ақынның жары Ботагөз Тастаева арнайы сөз сөйлеп, қатысушы командаларға сәттілік тіледі!
💎Аймақтың 8 кәсіптік-техникалық колледжінен ұлағатты оқытушылар қатысқан тартысты додада 1-орынды Жаңақорған аграрлы техникалық колледжі иеленді.
2-орын Арал көпсалалы колледжіне бұйырса, Шиелі индустриалды агарлы колледжі 3 — орынға табан тіреді. Сайыс қатысушылары арнайы «Алғыс хаттармен» марапатталды.