🔰Бүгін ұзақ жылдар бойы білім мен тәрбие, еңбек пен шығармашылықтың орталығы болған оқу орынымызда тарихи күн. Колледжіміздің тарихын еске алып, жетістіктерін тойлау күні. «Жұмысшы мамандықтардың қоғамдағы рөлі мен маңызы» облыстық семинар өз деңгейінде аталып өтілді.
🔰 Шараның мәні мен маңызын айқындаған қадірлі қонақтар:
* Нүрдинов Бектас Балғабайұлы – Жаңақорған ауданы әкімінің орынбасары
* Жетібайұлы Ұлан – Қызылорда облыстық оқу орталығы, «Кәсіптік білім беру» бөлімінің әдіскері
* Үсейнова Баян – Жаңақорған тынысы газетінің бас редакторы
* Ахметов Мадияр – колледждің ардагер ұстазы
🔰Колледжбен ұзақ жылдан бері тығыз байланыста жұмыс істеп, жас мамандардың біліктілігін арттыруға, өндірістік тәжірибелердің тиімді ұйымдастырылуына ерекше үлес қосқан серіктес мекемелерге алғыс білдірілді. Бұл – ынтымақтастықтың бекемдігін, сенімнің жоғары екенін көрсететін маңызды қадам.
Абдраимов Тәттімбет Тұрғалиұлы – колледж директоры,
«Кәсіптік білім мен өндіріс арасындағы алтын көпір – әлеуметтік серіктестік» тақырыбында мазмұнды баяндама жасады.
ӘЛЕУМЕТТІК СЕРІКТЕСТІК МЕМОРАНДУМДАРЫ
Колледж директоры Абдраимов Тәттімбет
Тұрғалиұлы бірлескен жұмыс аясын кеңейту мақсатында келесі мекемелермен
1. СКЗ-U ЖШС
2. «Қызылқұм» ЖШС
3. «Транзит» ЖШС
4. «Шалқия Цинк ЛТД»
5. «Агро Сервис» Жаңақорған ЖШС ынтымақтастық меморандумдарына қол қойылды.
Бұл меморандумдар – колледж студенттерінің нақты өндірістік тәжірибе алуына, кәсіби дағдыларын шыңдауына жол ашатын үлкен мүмкіндік. Мерекелік концертпен ұласқан тагылымы терең шарамыз рухани серпіліске толы коңіл күймен қорытындыланды.
🔰Семинар қонақтары «Шалқия Цинк» кен орнының өндірістік базасымен танысып, кәсіпорынның жұмыс үдерісін өз көздерімен көрді. Олар өндірістік практикадан өтетін колледж студенттерінің нақты жұмыс орындарын аралап, жас мамандардың тәжірибеден өту барысын бағамдады. Бұл сапар қонақтарға дуальды оқыту жүйесінің жемісі мен студенттердің кәсіби даярлық деңгейін жан-жақты таныстыруға мүмкіндік берді.
Барша серіктестерімізге шынайы ризашылығымызды білдіреміз!
Ынтымақтастығымыз нығайып, жаңа белестерге бірге жете берейік!